Бакуде 29 қазанда Түрік шәйіттігінде рәсім ұйымдастырылды

Бакуде Түркияның 29 қазан Республика мерекесіне орай Баку Түрік шәйіттігінде рәсім ұйымдастырылды.

1296711
Бакуде 29 қазанда Түрік шәйіттігінде рәсім ұйымдастырылды

Әзірбайжанның астанасы Бакуде Түркияның 29 қазан Республика мерекесіне орай Баку Түрік шәйіттігінде рәсім ұйымдастырылды.

Рәсімге Түркияның Бакудегі өкілетті елшісі Еркан Өзорал, Әскери атташе Исмайл Хаккы Көсеали, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Бакудегі өкілі Уфук Тұрганер, Әзірбайжанда жұмыстанып жатқан Түрік ұйымдарының өкілдері, іскерлер мен азаматтар қатысты.

Өкілетті елші Өзорал Түрік шәйіттері ескерткішіне гүл шоғын қойған рәсімде шәйіттерге құрмет көрсетілді, Түркия Ұлттық әнұраны мен Әзірбайжан Ұлттық әнұраны айтылды.

Шәйіттік естелік кітабына қол таңба басқан Өзорал шәйіттіктегі символдық қабірлерге қалампыр гүлін қойды.



Ұқсас жаңалықтар