Білім және ғылым жәрмеңкесі басталды

Іс-шарада Қазақстан,  Ресей, Болгария,  Канада, Литва,  Польша және Швейцария университеттері таныстырылады.

1309460
Білім және ғылым жәрмеңкесі басталды

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда 17-ші Халықаралық Білім және ғылым жәрмеңкесі басталды.

«Көрме» орталығындағы шараға сектор өкілдері,  дипломаттар мен көптеген қонақ қатысты.

Іс-шарада Қазақстан,  Ресей, Болгария,  Канада, Литва,  Польша және Швейцария университеттері таныстырылады.

Қатысушылардың бірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық Университетінің ректорының кеңесшісі Еділ Төлегенов Анадолы агенттігіне университеттің мүмкіндіктерін баяндап берді.

Ахмет Ясауи Университетінің облыс орталығы Түркістан қаласында орналасуына байланысты қызығушылықтың мол екенін білдірген Төлегенов «Соңғы 2 жылда студенттеріміздің саны екі есе артып,  10 мыңнан асты. Студенттердің 15 пайызы – шетелдік студенттер» деді.

Төлегеновтың айтуынша университетте 17 елден 41 ұлттың өкілдері білім алады.

Университет Қазақстанда халықаралық мәртебесі бар жалғыз білім ошағы. Қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде білім беріледі.

Жәрмеңке жұма күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар