Бірлескен жаттығу басталды

Әзірбайжан және Түрік Әуе күштерінің бірлескен әскери оқу-жаттығуы «ТурАз бүркіті 2019» басталды.

1262588
Бірлескен жаттығу басталды

Әзірбайжан және Түрік Әуе күштерінің бірлескен әскери оқу-жаттығуы «ТурАз бүркіті 2019» басталды.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда,  жаттығу екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары аясында Әзірбайжан мен Түрік Әуе күштері тарапынан ұйымдастырылды. Жаттығу түрік F-16 ұшақтарының Әзірбайжанға жетуімен басталды.

Оқу-жаттығуда F-16 ұшақтарымен қоса екі елдің Миг-29, Су-25 әскери ұшақтары, жүк ұшақтары, Ми-35, Uh-70, CH-47 және ATAK/AH-1W әскери тікұшақтарынан тұратын 30 әуе көлігі орын алуда.

Жаттығуда өзара қимыл мүмкіндіктері жетілдіріліп,  құтқару істері атқарылады.

Оқу-жаттығу 16 қыркүйек күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар