Болгария түріктерінің лидері қайтыс болды

Осман Кылыч Анкарада қайтыс болды.

1660600
Болгария түріктерінің лидері қайтыс болды

Болгария түріктерінің лидерлерінің бірі Осман Кылыч Анкарада қайтыс болды.

Осман Кылычтың қазасы Болгариядағы түріктер және басқа да мұсылмандарды қайғыға батырды.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы басшысы Абдуллах Ерен Болгария түріктерінің символ болған тұлғасы, дипломат және жазушы Осман Кылычтың үйіне барып,  отбасына көңіл айтты.

Ерен: «Болгария түріктерінің 101 жылдық бәйтерегі,жастық шағын түріктік және Ислам үшін коммунистік жүйенің зындандарында өткізген күрескер, Шумну Нувваб медресесінің соңғы ұстазы Осман Кылыч ағамыз қайтыс болды.  Рухы шат, мекені жұмақ болсын» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар