Эльмар Мамедъяров армиян әріптесімен кездесті

Әзербайжан Сыртқы істер министрі ЕЫҚҰ Минск тобы жиналысына видео конференция арқылы қатысты.

1446488
Эльмар Мамедъяров армиян әріптесімен кездесті

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров пен Армения Сыртқы істер министрі Зохраб Мнатсаканьян «Таулы Қарабах» мәселесінің шешімі аясында видео конференция арқылы бас қосты.

Кездесуге Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы (ЕЫҚҰ) Минск тобы тең төрағалары орыс Игор Попов, француз Стефан Висконти, АҚШ-тық Эндрю Шефер және ЕЫҚҰ арнайы өкілі Андрей Каспрзик қатысты.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда тараптар шешім кезеңіндегі қазіргі жағдайды қолға алды.

Тең төрағалар соңғы кезеңде тараптардың агрессивті сөйлемдерін арттырғанын еске салып, бұл бағыттағы уайымдарын тілге тиек етті.

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров басқыншылық астындағы Әзербайдан жерінде Армения жүзеге асырған заңсыз қоныстандыру шаралары мен инфрақұрылым жұмыстарын күн тәртіпке әкелді.

Мамедъяров агрессивті сөйлемдердің артуына Арменияның арандатушы әрекеттерінің себеп болғанын атап көрсетті.

Тараптар келесі ай қайтадан видео конференция арқылы бас қосу тақырыбында келісті.



Ұқсас жаңалықтар