Германия көшіне 58 жыл болды

Түрік азаматтар Германияның барлық саласына өз үлесін қосты.

1298423
Германия көшіне 58 жыл болды

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен Түркиядан Германияға көшкендердің елдің тек жұмыс күшіне ғана емес,  экономикалық,  саяси, әлеуметтік және мәдени құрылымына да үлес қосқанын айтты.

Басқарманың жазбаша мәдімдемесіне қарағанда,  Ерен Германияға көштің 58 жылдығына орай тұжырымдама жасады.

Еуропа елдерінің Еуропадағы түріктерге «қол жеткізілген пайдалы болмыс» деп қарауы керектігін атап көрсеткен Ерен былай деді:  

«Уақыт тек Германияның жұмыс күшіне емес,  экономикалық, саяси,  әлеуметтік және мәдени құрылымына да белсенді үлес қосқан үрдіс туғызды.  Осы үрдісте көбі тілдерін де білмейтін осы елде бір-бір табыс хикаясының кейіпкерлері болған алғашқы буын бүгін төртінші буынға жетіп отыр.  Ендігі жас және қажырлы буын да өздері өмір сүрген елде қоғамға пайдалы бола отырып,  атамекен мен ана тілінен де ажырамай, екі ел қатынастарына маңызды үлес қосатынына сенемін»

Абдуллах Ерен сонымен бірге 58 жыл бұрын 1961 жылдың 30 қазан күні Германияның Бонн қаласында қол қойылған «Жұмыс күші келісімімен» бірінші сатыда 2500 түрік азаматының Германияға көшкенін атап көрсетті.

Түрік азаматтары арадан өткен уақыт ішінде Германияда саясаттан экономикаға, мәдениетен спортқа дейін қоғамның барлық саласында өзін көрсете білді.  3,5 миллионнан астам түрік азаматтар Германияда төртінші буынға жетті.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы шетелдегі барлық азаматтар үшін болғаны секілді Германиядағы қандастар үшін де білім беру,  мәдениет,  құқық секілді салаларда жобалар жүргізіп келеді.



Ұқсас жаңалықтар