Ибрахим Еренге ТҮРІКСОЙ медалі табыс етілді

ТРТ Бас директоры Ибрахим Ерен "Шыңғыс Айтматов Алтын медаліне" лайықты деп табылды.

1375033
Ибрахим Еренге ТҮРІКСОЙ медалі табыс етілді

Түркия Радио және Теледидар басқармасы (ТРТ) Бас директоры Ибрахим Ерен түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРІКСОЙ тарапынан "Түркі әлемінің мәдени тұтастығына қосқан үлесіне" орай "Шыңғыс Айтматов Алтын медаліне" лайықты деп табылды. 

Ибрахим Ерен ТҮРІКСОЙ ғимаратында ұйымдастырылған марапат рәсіміндегі сөзінде осындай қымбатты медальді алғанына мақтаныш сезінетінін айтты.

ТРТ ретінде Кеңестер Одағы ыдыраған 1990 жылдардан бері Түркістан және Түрік-Ислам географиясында өкілдіктер ашқандарын еске салған Ерен ТРТ-нің осы елдерге еткен еңбегінің ұйымның ең негіздік міндеттерінің бірі екенін атап көрсетті.

Соңғы жылдарда 14 теледидар және 16 радио арнасымен ТРТ-нің әлемдегі ең ірі мемлекеттік ақпарат органына айналғанын білдірген Ерен ТРТ Аваз арнасының құрылған күннен бері түркі әлеміне есе қосуға талпынғанын айтты.

ТРТ-нің ынтымақтастығымен ТҮРІКСОЙ-дың түркі әлемінің тіліне, мәдениетіне және өнеріне қосқан есесі теңдесіз екенін айтқан Ерен:

"Түркістан географиясы мен Анадолының қарым-қатынастарын жандандыру және саналарды ояту мақсатымен бағдарлама, сериал және деректі фильмдер жасаудамыз және мұны жалғастырамыз" деді.

ТҮРІКСОЙ Бас хатшысы Проф.др. Дүйсен Қасейінов ТҮРІКСОЙ-дың аталардан қалған бай мәдени мұраларды жандандыру, әлемге таныстыру және болашақ ұрпақтарға жалғау мақсатымен әлемдегі түрліше елдерде іс-шараларды жалғастырып жатқандарын айтты.

Дүйсен Қасейінов ширек ғасырдан астам уақыттан бері ТҮРІКСОЙ-дың іс-шараларына ТРТ-нің әрқашан қолдау бергенін  атап көрсетті. 

Баяндамалардан кейін Дүйсен Қасейінов Ибрахим Еренге медаль мен Шыңғыс Айтматов альбомын табыс етті. 



Ұқсас жаңалықтар