Ердоған мен Әлиев телефонда сөйлесті

Әзірбайжан президенттік аппараты мәлімдеме жасады.

1465077
Ердоған мен Әлиев телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телефонда сөйлесті.

Әзірбайжан президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев Ердоғанға телефон шалып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Әңгіме барысында Түркия-Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың күн өткен сайын одан әрі жетілуіне ризашылығын тілге тиек еткен басшылар ынтымақтастықты күшейтуді жалғастыратындарын баса айтты.

Түркия мен Әзербайжан бастаған ауқымды ортақ әскери жаттығудың табысты түрде жалғасқаны атап көрсетілгенін бiлдiрген Ердоған мен Әлиев жаттығуды екі елдің достық пен бауырластығының көрінісі ретінде бағалады.

Президент Әлиев соңғы күндері Арменияның әскери провокациясы себепті шыққан оқиғалармен байланысты Ердоғанның Әзербайжанға берген табанды қолдауын мақтан тұтқандарын атап көрсетті.

Ердоған мен Әлиев ынтымақтастық шаралары аясында басқа тақырыптарды да қолға алды.



Ұқсас жаңалықтар