IMF-тің алғашқы көмегі - Қырғызстанға

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков IMF-тің Қырғызстандағы тұрақты өкілін кеше қабылдап, қаржылай көмек сұраған болатын.

1386124
IMF-тің алғашқы көмегі - Қырғызстанға

Халықаралық Валюта фонды IMF коронавируске байланысты алғашқы несиені Қырғызстанға береді. 

Фондтың интернет бетінде жарияланған хабарламада Covid-19 эпидемиясы себебімен шыққан дағдарыспен күрес үшін Қырғызстанға шамамен 120 миллион  900 мың долларлық материалдық көмек берілетіні білдірілді. 

Қырғызстан үшін жедел материалдық көмек сұранысы 26 наурыз күні бекітілді. Аталмыш несие IMF Атқару комитеті пандемия басталғалы бері әлем көлемінде беретін алғашқы жедел несие болып саналады. 

IMF көмегі эпидемия салдарынан макроэкономикалық көрсеткіштері әлсіреген,  шамамен 400 миллион деп есептелден төлемдер балансы тапшылығы қалыптасқан Қырғызстан экономикасына сенім арттыруды мақсат етеді. 

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков IMF-тің Қырғызстандағы тұрақты өкілін кеше қабылдап, қаржылай көмек сұраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар