Иран Астана процесі жайлы қауесеттерді теріске шығарды

Иран "Астана процесін атқарушылардың Сирия мемлекетінің болашағына байланысты шешім қабылдады" деген хабарды теріске шығарды.

1414537
Иран Астана процесі жайлы қауесеттерді теріске шығарды

Иран "Астана процесін атқарушылардың Сирия мемлекетінің болашағына байланысты шешім қабылдады" деген хабарды теріске шығарды. 

Ирандық студенттер хабар агенттігі ИСНА-ның хабарына қарағанда Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Сейід Аббас Мусеви:

"Астана процесі елдерінің Сирия мемлекетінің болашағына байланысты шешім қабылдағаны хабарлары шындыққа үйлеспейді" деді.

Тегеран әкімшілігінің  әрқашан Сирия елі мен ұлтының қасында болғанын білдірген Мусеви:

"Сирияның болашағына байланысты шешімдерді Сирия халқының беруі керектігін" атап өтті.

Орыс баспасөзінде де "Ресей, Түркия және Иранның Сирияда Башар Асадты әкімшіліктен алыстатып, оппозицияны қамтыған бір уақытша үкімет құруды жоспарлағаны" пайымдаулары шыққан болатын.

"Астана процесі" Сирияда түбегейлі бейбітшілік орнату үшін Түркия, Ресей және Иран тарапынан 2017 жылы бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар