Қарабах шейіттері мен ардагерлерінің балаларына арнайы оқу квотасы бөлінді

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы мәлімдеме жасады.

1659979
Қарабах шейіттері мен ардагерлерінің балаларына арнайы оқу квотасы бөлінді

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB) төрағасы Абдулла Эрен Қарабах соғысы шейіттері мен ардагерлерінің балалары үшін биыл «Türkiye Bursları» (Түркия шәкіртақылары) аясында арнайы квота бөлгендерін атап көрсетті.

YTB ​​жасаған мәлімдемеге қарағанда Абдуллаğ Эрен президент Режеп Тайып Ердоғанның Әзербайжанға сапары аясында Қарабах шейіттері мен ардагерлерінің жанұялары үшін құрылған «Яшат» қорына барды.

Қор лауазымдылармен бас қосқан Эрен Әзербайжанның әділ күресінде әрдайым жанында бірге екендіктерін мәлімдеді.

Қарабах жеңісінде шейіт пен ардагерлердің балаларына биыл жеткен ардагерлердің балаларына «Türkiye Bursları» (Түркия шәкіртақылары) аясында арнайы квота бөлгендерін айтқан Эрен басқарманың қызмет салаларындағы жұмыс және жобаларымен Әзербайжанға қолдауын күн өткен сайын арттыратынын баса айтты.

Әзербайжан Хазар Университетіне де барған Эрен Түркия түлектері оқытушы ғалымдар және кәсіпкерлер платформасымен бас қосты.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы Абдулла Эрен Түркия түлектерінің екі елдің ынтымақтастығын күшейтетін маңызды бір платформа екеніне назар аударды.

Эренге платформа тарапынан Әзербайжанға білім беру саласындағы қолдауы үшін «Бауырластық сыйлығы» табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар