Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік ресми сапармен Түркияға келді.

1824727
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевті Есенбога әуежайында вице-президент Фуат Октай, провинция және қала әкімшілігі өкілдері, Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Уфук Екижи, Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Еркебұлан Сәпиев қарсы алды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған әріптесін Президенттік кешенінде ресми рәсіммен қарсы алды.

Ердоған-Тоқаев кездесуінде екіжақты қарым-қатынастар жан-жақты бағаланады.

Кездесудің негізгі тақырыбы экономика болады. Екі ел арасындағы 10 миллиард долларлық сауда көлеміне жету үшін жасалатын қадамдар бағаланып, туризм, энергетика, денсаулық сақтау және қорғаныс өнеркәсібі сияқты ынтымақтастық салаларына баса назар аударылады.

Екі лидер аймақтық оқиғалар тақырыбы мен Түрік Мемлекеттері Ұйымы аясында атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы кезеңде ұстанатын жол картасына тоқталады.

24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысы да күн тәртіпте болады. 

Ердоған Түркияның соғыстың доғарылуы үшін жүргізген талпыныстары жайлы Тоқаевке мағлұмат береді. 

 



Ұқсас жаңалықтар