Қазақ боксшы жартылай финалға шықты

Дүбірлі додада Жайна Шекербекова (52 келі) Олена Савчукпен қолғап түйістірді.

1827731
Қазақ боксшы жартылай финалға шықты

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасынан Жайна Шекербекова жартылай финалға шықты. Осылайша 1/2 финалға жолдама алған қазақстандық боксшылардың саны екеуге артты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада Жайна Шекербекова (52 келі) Олена Савчукпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілерге жеңген боксшыны анықтау қиынға соқты. Нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі қазақстандық боксшының жеңгенін атап өтті. Осылайша Жайна Шекербекова жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстан құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалда сынға түседі. Әлем чемпионаты Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатыр. Дүбірлі дода 20 мамырда мәресіне жетеді.

 

 

ҚазАқпарат жаңалығы



Ұқсас жаңалықтар