Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Фахреттин Алтунмен кездесті

Жүздесу барысында екі ел арасындағы ақпарат және БАҚ саласы бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

1827581
Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Фахреттин Алтунмен кездесті

Түркия Республикасының Стамбул қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен жоғары лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы өтті.

Халықаралық жиынға қатысқан Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров шараның негізгі бөлімінен кейін Түркия Республикасы Президенті Аппаратының Коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтунмен кездесті.

Жүздесу барысында екі ел арасындағы ақпарат және БАҚ саласы бойынша өзара ынтымақтастық мәселесі, бірлескен телехикаялар мен фильмдер түсіру, қоғамдық дипломатия саласында бірігіп жұмыс жүргізу, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ министр Әзербайжан Президентінің көмекшісі, әрі Сыртқы саясат жөніндегі басқарма басшысы Хикмет Гаджиевпен де кездесті.

Кездесуде екі елдің медиа саласындағы байланысын нығайту және телеөнімдермен, оның ішінде анимациялық фильмдер алмасу жайы талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар