Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүрдек пойыз

Түркістан қаласы мен Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы бағдары бойынша жоғары жылдамдықты теміржол магистралінің құрылысы басталады.

1571254
Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүрдек пойыз

Қазақстанда Үкіметтің кеңейтілген жиналысы Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығында жиналды. 

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан қаласы мен Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы бағдары бойынша жоғары жылдамдықты теміржол магистралінің құрылысының басталатынын мәлімдеді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин "Үкімет жеке капиталдың қатысуымен басым аумақтарда туристік инфрақұрылым құру бойынша белсенді шараларды қабылдап жатыр. Биыл 1,1 трлн теңгеге инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысы басталады. Келешегі зор туристік дестинация ретінде экотуризмді, ұлттық парктерді дамыту бойынша кешенді шаралар қабылданады. Туристер легін арттыру үшін Түркістан-Шымкент-Ташкент бағдары бойынша жоғары жылдамдықты теміржол магистралінің құрылысы басталады» - деді.



Ұқсас жаңалықтар