Қазақстан мұнай өндірісін арттырды

Қазақстан ағымдағы жылдың қаңтар-қазан кезеңінде 74 миллион 800 мың тонна мұнай өндірді.

1304179
Қазақстан мұнай өндірісін арттырды

Қазақстан Энергия министрлігі мәлімдемесінде биылдың ағашқы 10 айлық мерзімінде мұнай өндірісінің 74 миллион 800 мың тоннаға ұласқанын, мұның 59 миллион 56 мың тоннасын экспорттағанын атап көрсетті.

Елдің үш үлкен мұнай құдығынан Қашағанда 11,5 миллион тонна, Теңізде 24,6 миллион тонна және Қарашығанақта 9,1 миллион тонна мұнай өндірілгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Құдықтардағы жөндеу жұмыстары себепті негізгі өндірістің тоқтатылғанына қарамастан болжалған мұнай өндірісі артты» делінді.

Мәлімдемеде өткен жылы 90,4 миллион тонна мұнай өндірілгені еске салынып, биыл мұнай өндірісінің 90,5 миллион тонна болып болжалғаны атап көрсетілді.

Қаңтар-қазан айларында елде 46,3 миллиард текшеметр табиғи газ өндірілгені атап көрсетілген мәлімдемеде осы көрсеткіштің өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайыз екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде 10 айлық  мерзімде 402 мегаваттық 14 жаңартыла алатын энергия өндіріс орнының іске қосылғаны ескертіліп, «Жылдың соңына дейін 104,8 мегаваттық күшке ие 4 жаңа өндіріс орны тағы іске қосылады» делінді.

Елде барлығы 1042 мегаваттық күшке ие 87 жаңартыла алатын энергия станциясының жұмыс істегені аталып, қаңтар-қазан айларында жаңартыла алатын энергия өндірісі көлемінің өткен жылдың бірдей мерзімімен салыстырғанда 65 пайыз өсіп, 1,7 миллиард киловат сағатқа ұласқанына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар