Қазақстан Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруін қолдайды

ҚР СІМ мәлімдеме жариялады.

1270037
Қазақстан Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруін қолдайды

Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі) кіруін қолдайды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде «Түркі әлемі үшін бұл маңызды тарихи шешім Нахчыван келісімінің 10 жылдығын атап өтумен дәл келеді” деп айтылды.

Мәлімдемеде бұл мүшелік түрік әлемінің интеграциясын да, кеңесте экономикалық ынтымақтастықты да күшейтетіні айтылды.

Өткен аптада Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиёев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қосылу туралы Жарлыққа қол қойды.

Өзбекстанның Түркі кеңесіне мүшелігі туралы шешімге ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары 2019 жылғы 15 қазанда Бакуде өтетін шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған Түркі кеңесінің 7-ші саммиті барысында қол қояды.

Түрік кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.



Ұқсас жаңалықтар