Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы жоғары деңгейде

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын сандармен сөйлетті.

1828188
Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы жоғары деңгейде

Ақорда Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын сан тілінде сөйлетті.

Ақорданың баспасөз қызметі тарапынан түрлі салада екі ел қарым-қатынастарын бейнелеген және сан тілімен жеткізген бір видео жариялады. Рапортта «Қазақстаннан Түркияға жасалған инвестиция көлемі 16 жылда 4,2 миллиард доллардан асқан. Сонымен қатар 2021 жылы Түркияның тікелей инвестициясы рекордтық көрсеткішке жетіп, 680 миллион доллар болды. Қазақстанда мөлшермен 4 мың түрік фирмасы жұмыс істеуде. Түрік іскерлерінің қатысуымен 61 үлкен жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар жасалып жатқан құны 1,3 миллиард доллардан асқан 54 жоба бар. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Осы аяда Қазақстан мен Түркия арасындағы рейс санын тіпті де көбейту және рейс географиясын кеңейту үшін мамыр айында кездесу өткізілетін болды. Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті басталудан бұрын Қазақстан мен Түркия арасында 65 рейс бар еді. Осы таңда екі ел арасындағы тұрақты рейстердің жиілігі бойынша аптасына 61 жолаушылар рейсі орындалуда» делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар