Қазақстанда қаза тапқандар саны жарияланды

ҚР Бас прокуроры Серік Шалабаев 225 адамның қаза тапқанын жариялады.

1763171
Қазақстанда қаза тапқандар саны жарияланды

ҚР Бас прокуроры Серік Шалабаев елдегі қақтығыстар кезінде 19-ы құқық қорғау органы қызметкері, барлығы 225 адамның қаза тапқанын жариялады.

Серік Шалабаев елдегі қақтығыстарда қаза тапқандардың саны туралы мәлімдеді.

Шалабаев баспасөз мәслихатында «Мәйітханаларға 225 мәйіт жеткізілді, араларында 19 полиция мен әскер бар. 3 мың 393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері, барлығы 4 мың 353 адам жарақат алған» деді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі Әсел Артакшинова 225 мәйіттің өлімінен 175-інің ауруханаларда тіркелгенін атап көрсетті.

Қазақстанда 2 қаңтар күні сұйытылған мұнай газы бағаларының қымбаттауы, әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлады деген наразылық шерулері басталды.

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық шеруіне кінәлі деп санаған үкіметтің отставкаға кетуін қабылдаған болатын.

Наразылық шаралары тараған соң ел көлемінде төтенше жағдай жарияланды.

Президент Тоқаев 11 қаңтар күні Парламентке үн қатып елдегі конституциялық тәртіпті қамтамасыз еткенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар