Қазақстанда Ходжалы қырғынының 28 жылдығы атап өтілді

Еуразия университетінде еске алу бағдарламасы өткізілді.

1365183
Қазақстанда Ходжалы қырғынының 28 жылдығы атап өтілді

Қазақстанда Ходжалы қырғынының 28 жылдығы атап өтілді.

Әзербайжанның Қазақстандағы өкілетті елшілігі тарапынан Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде бір бағдарлама ұйымдастырылды.  Бағдарламаға Әзербайжан елінің елшісі Рашад Мамадов,  ғалымдар,  студенеттер мен Қазақстанда өмір сүретін әзербайжандықтар қатысты.

Өкілетті елші Мамадов осы бағдарлама арқылы адам баласы үшін қылмыс болып саналатын қырғындар жөнінде мәлімет беру, осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін алдын алу шараларын ұйымдастыру және адам баласын бейбітшілікке шақыру мақсатында жұмыс жүргізгендерін айтты.

Мамадов армян қарулы топтары жасаған Ходжалы қырғынының адам баласы жүрегінде өшпес жара қалдырғанын білдірді.

«Осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін өз тарихымыз бен бауырлас халықтардың тарихын жақсы білуіміз керек» деді ол.

Мамадов халықтар арасында татулық пен ұйымшылдықтың жеткіліксіз екенін,  Жер бетінде толеранс пен көп мәдениеттілікті нығайту үшін көп жұмыстану керектігін баса айтты.

Армения Қарулы күштері 1992 жылдың 26 ақпан күні Кеңес Одағының 366-шы полкымен бірге Әзербайжанның Ходжалы қаласын басып алып, 613 адамды қырды.  Олардың 63-і бала, 106-сы әйел, 70-і қарт кісі болатын.  Қырғыннан 487 бала ауыр жаралы күйінде аман алды.

Армян күштері 1275 адамды тұтқынға алды.  Олардың 150-інің тағдыры әлі күнге белгісіз.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар