Қазақстанға 275 миллион доллар инвестиция салды

Қазақстанға инвестиция салған елдер арасында 3,4 миллиард доллармен Голландия бірінші кезекте.

1300673
Қазақстанға 275 миллион доллар инвестиция салды

Түркия жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға 275 миллион доллар инвестиция салды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің деректеріне қарағанда,  елге биылдың алғашқы жартысында тартылған шетелден тікелей инвестиция мөлшері 2018 жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайыз артып, 12,1 миллиард долларға жетті.

Жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға инвестиция салған елдер арасында 3,4 миллиард доллармен Голландия бірінші кезекте.  

Америка Құрама Штаттары 2,9 миллиард доллармен екінші орында, Швейцария 1 миллиард доллармен үшінші,  Қытай 922 миллион доллармен төртінші, Ресей 632 миллион доллармен бесінші,  Франция 537 миллион доллармен алтыншы,  Бельгия 516 миллион доллармен жетінші және Ұлыбритания 336 миллион доллармен сегізінші орында.

Түркия 275 миллион доллар инвестициямен алдынғы қатарлы инвестор елдер тізімінде тоғызыншы және Жапония 214 миллион доллармен орыншы болды.

Түркия өткен жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға 147,9 миллион доллар инвестиция салған болатын.



Ұқсас жаңалықтар