Қазақстаннан түрік азаматтары келді

Түрік азаматтар 26-29 наурыз күндері аралығында бес рейспен оралды.

1387697
Қазақстаннан түрік азаматтары келді

Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігінің хабарламасынан кейін Қазақстаннан түріктің 304 азаматы еліне оралды. 

Түрік азаматтар 26-29 наурыз күндері аралығында бес рейспен оралды. 

Түркияның Қазақстан Республикасындағы өкілетті елшілігі елге оралғысы келетін түрік азаматтары үшін хабарландыру жариялаған болатын. Қазақстандағы 304 түрік азаматы елге қайтты. 

Air Astana және  Scat авиакомпанияларының рейстерімен оралғандардың бірінші тобы 26 наурыз күні Алматы қаласынан,  соңғы тобы да сол қаладан 29 наурыз күні ұшып келді. 

Түрік азаматтарының 98-і Алматы, 126-сы Шымкент-Ақтау, 33-і Атырау, 47-сі Нұр-Сұлтан қалаларынан Стамбулға келіп жетті.  Елге келгендер Түркияда 14 күн оқшауланады. 

Ал Қазақстанда қалған түрік азаматтары да аз емес. 

Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Уфук Екиджи Қазақстадағы түрік азаматтарына хабарлама жариялап: “Осы процесте мүмкіндігінше үйде отырыңыздар, жергілікті органдардың сақтық шараларына байланысты ескерту және ережелеріне бағыныңыздар” деді. 

Гюзал Заитова

TRT Нұр-Сұлтан өкілдігі



Ұқсас жаңалықтар