Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 1 миллион 500 мың турист келген

Түркістан облысы әкімінің орынбасары аймақтың әлеуметтік, экономикалық және туризм саласындағы жетістіктері жөнінде мәлім етті.

1344882
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 1 миллион 500 мың турист келген

Қазақстанның Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне өткен жылы 1 миллион 500 мың турист келген.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында аймақтың әлеуметтік, экономикалық және туризм саласындағы жетістіктері жөнінде мәлім етті.

Жалпы облыста 168 қонақ үй, 51 шипажай, 60 демалыс базасы қызмет көрсететінін білдірген Мырзалиев экологиялық, тарихи-танымдық туризм бағытында 57 турист маршруты әзірленгенін айтты.

Мырзалиев Түркістанның қонақ үйлерінде халықаралық стандарттарға сай реставрация жұмыстары жүргізілгеніне назар аударып: «Түркістан қаласында туристерге толық ақпарат ұсынатын «Визит орталықтың», «Ұлы Жібек жолының ұлттық дәстүрлі қолөнер орталығының», халықаралық әуежайдың, «Ясауи мұражайының» және т.б. нысандардың құрылысы жүргізілуде» деді.

«2019 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 1,5 миллион адам келген. Осы көрсеткішті 2025 жылы 5 миллионға жеткізу жоспарланып отыр» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар