Қырғыз министр Ташкентте
Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев пен Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидов кездесті.
Өзбекстанның астанасы Ташкентте Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев пен Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтияр Саидов кездесті.
Министр Қулубаев 15 сәуірде өтетін «Орталық Азия – Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі» Стратегиялық диалогының Сыртқы істер министрлерінің екінші отырысына қатысу үшін Ташкентке барды.
Ол әріптесі Саидовпен кездесті. Кездесуде халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасылды.
Қырғыз-өзбек ынтымақтастығының маңыздылығына назар аударған Кулубаев өзара сауда көлемінің артуына және өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да басым салалардағы ынтымақтастық жобаларының жүзеге асырылуына қанағаттанғанын білдірді.
Саидов Орталық Азия аймағындағы тату көршілік қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуден кейін қос тарап жоғары деңгейдегі сапарларға қажетті дайындыққа қатысты жол картасына қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар
Вице-президент Өзбекстанда Іскер әлемімен танысу бағдарламасына қатысты
Йылмаз: «Көшбасшыларымыз белгілеген 5 миллиард долларға жақындап келеміз».