Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрі Әлібек Жапаров мәлімдеді.

2125438
Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

 

Әлібек Жапаров Жогорку Кенеш отырысында сөйлеген сөзінде бауырлас ел Қазақстанның су тасқынымен күресіп жатқанын тілге тиек етті.

Ол Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі жақын арада Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберетінін хабарлады.

Оның айтуынша, гуманитарлық көмек Қырғызстанда жасалған азық-түлік өнімдерінен болады.

Премьер-министр Қазақстан Бішкек жылу электр орталығындағы апаттан кейін Қырғызстанға бірден көмек қолын созғанын еске салды. Осы орайда ол Өзбекстанға, Түрікменстанға және Қазақстанға көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.

8 сәуірде Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстанға барады.



Ұқсас жаңалықтар