Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев 11 жыл 2 айға сотталды

«Сыбайлас жемқорлық тобы құру» айыбымен тұтқындалған Атамбаев 11 жыл 2 айға сотталды.

1441644
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев 11 жыл 2 айға сотталды

Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысы бар деп айыпталған бұрынғы президент Алмасбек Атамбаев 11 жыл 2 айға сотталды.

Первомай аудандық соты төрешісі Эмилбек Кайыпов басшылығында жүргізілген үкім беру отырысына қамаудағы Атамбаев әкелінген жоқ, алайда бақылаудағы күдіктілер қатысты.

«Сыбайлас жемқорлық тобы құру» айыбымен тұтқындалған Атамбаев 11 жыл 2 айға сотталды.

Атамбаевтің бар мүлкі кепілдікке алынып, бүкіл мемлекеттік сыйлықтарын кері қайтаруына шешім қабылданды.

Елдегі түрмелерде күші бар екені белгілі және 16 жылға сотталып мұның 8 жылын түрмеде өткізген шешен текті Батукаев 2013 жылы сәуір айының басында еркін жіберіліп, Шешенстанға арнайы ұшақпен баруы қоғамның наразылығын туғызған болатын.

2011-2017 жылы президент сайланған Атамбаев полицияның операциясымен 2019 жылы 8 тамыз күні тергеуге алынған еді.



Ұқсас жаңалықтар