Хасан Баятлы мемлекеттік министр үміткері болды

Ирак премьер-министрі Мұстафа әль-Казими мемлекеттік министрлік үшін бұрынғы түрікмен депутат Хасан Баятлыны үміткерлікке көрсетті.

1450065
Хасан Баятлы мемлекеттік министр үміткері болды

Ирак премьер-министрі Мұстафа әль-Казими мемлекеттік министрлік үшін бұрынғы түрікмен депутат Хасан Баятлыны үміткерлікке көрсетті.

Премьер-министр үміткерлікке байланысты қол қойған ресми құжат Мәжіліске жолданды. 

Казими сонымен бірге аталмыш құжаттың мақұлдануы үшін Мәжілісті отырыс өткізуге шақырды.

Ирак Мәжілісінде 7 мамырдағы дауыс беруде 22 кісілік кабинет тізімінен 15 кісі мәжілістен сенім дауысын алған. Мәжілісте бір айдан кейін өткен дауыс беруде басқа 5 министр белгіленген болатын.

Түрікмендердің жаңа кабинетте өкілі жоқ. Мәжіліс премьер-министрге Түрікмен қоғамы үшін кабинетке мемлекеттік министрлікті қосу билігін берген.     



Ұқсас жаңалықтар