Келісім күшіне енді

Өзбекстан мен Түркия арасында инвестициялардың өзара ынталандырылуы және қорғалуы келісімі күшіне енді.

1454238
Келісім күшіне енді

Өзбекстан мен Түркия арасында инвестициялардың өзара ынталандырылуы және қорғалуы келісімі мен табыстың қос салықтандырылуының алдын алу келісіміне өзгеріс енгізуге байланысты хаттама күшіне енді.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда, президент Шавкат Мирзиеевтың 2017 жылғы 25 қазан күнгі Түркия сапары барысында екі ел арасында қол қойылған келісім мен 1996 жылғы мамыр айында қол қойылған хаттама күшіне енді.

Хабарламаға қарағанда,  инвестициялардың ынталандырылуы және қорғалуы келісімі екі ел инвесторлары тарапынан жүргізілген инвестицияларға жеңілдіктер келтірілуін көздейді,  айырықша инвесторлардың құқықтарының қорғалуы, ақша, капитал және технология трансферінің жеңілдетілуі үшін заңды инфрақұрылым қалыптастырады.

Екі ел арасында 1992 жылдың сәуір айында қол қойылған бұрынғы келісімнің орнына келетін аталмыш келісім бүгінгі күннің талаптарына сау инвестициялардың өзара ынталандырылуы және қорғалуы жүйесінің жетілдірілуін мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар