«Күлтегін» фильмі Түркияда көрсетілді

«Күлтегін» фильмі 9-шы Малатия халықаралық кинофестивалінде

1308814
«Күлтегін» фильмі Түркияда көрсетілді

«Күлтегін» фильмі 9-шы Малатия халықаралық кинофестивалінде

Режиссер Адай Әбілдиновтың Екінші Шығыс Көктүрік қағанатының негізін қалаушылардың бірі Күлтегіннің өмірі туралы фильмі фестивальдің арнайы бағдарламасына қатысты.

Фильм түрік тарихының ұлы қолбасшыларының бірі Күлтегін туралы баяндайды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін түрік ұлтын құтқару үшін күресте оған Үш Оғыз мырзалары мен  інісі Білге және  Көкбөрі көмектеседі.

«Қазақфильм» киностудиясы бұл туралы мәлімдеме жасап, толықметражды анимациялық фильмнің  9-шы Малатия халықаралық кинофестиваліне қатысқанына қуанышты екенін білдірді.

 Фестивальдің мақсаты - әлемнің түкпір-түкпірінен келген кино саласының мамандарына бас қостыру.

«Күлтегін» мультипликациялық фильмінің кинофестивальге қатысуына TRT-нің Нұр-Сұлтандағы өкілдігі де үлкен үлес қосты.

Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм студияларында түсірілді.

Гюзал Заитова

TRT Нұр-Сұлтан



Ұқсас жаңалықтар