Әлиев БҰҰ-н коронавируспен күрес жиналысын өткізуге шақырды

Ильхам Әлиевтің коронавирус індетімен жаһандық күрес талқыланатын арнайы отырыс ұйымдастыру ұсынысына 130-дан астам ел қолдау берді.

1446456
Әлиев БҰҰ-н коронавируспен күрес жиналысын өткізуге шақырды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен жаһандық күрес талқыланатын арнайы отырыс ұйымдастыру ұсынысына 130-дан астам ел қолдау берді.

Әзірбайжан Президенттік сарайы Сыртқы саясат басқармасының төрағасы Хикмет Хажиев президент Ильхам Әлиевтің БҰҰ Жалпы Кеңесінің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен жаһандық күрес талқыланатын арнайы отырыс ұйымдастыру ұсынысына 130-дан астам ел қолдау бергенін білдірді.

Коронавируспен күрестегі талпыныстың жеткілікті болмағанын айтқан Хажиев:

"Әлиев жаһандық ұйымшылдық үшін осындай талпыныс көрсетті. Жиналыстың жақында ұйымдастырылуын үміт етеміз. Әлемнің тығыз ынтымақтастықты дереу бастауы керек" деді.



Ұқсас жаңалықтар