Әлиев Ердоғанды құттықтады

Ильхам Әлиев Түркия мен Әзербайжан арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай президент Ердоғанға құттықтау жолдамасын жіберді.

1762616
Әлиев Ердоғанды құттықтады

Түркия мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға биыл 30 жыл болды.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Түркия мен Әзербайжан арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың 30  жылдығына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға құттықтау жолдамасын жіберді.

Президент Әлиев жолдамасында мына сөздерге орын берді: "1992 жылы 14 қаңтар күні Әзербайжан мен Түркия арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнады. Осы маңызды оқиғаға орай сізді құттықтаймын. Сондай-ақ дос және бауырлас түрік халқына деген шын ниетім мен тілектерімді білдіремін" деді.

Әзербайжан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының құрылуының Әзербайжан тарихында маңызды орын алғанын түсіндірген Әлиев "20-шы ғасырда екінші рет тәуелсіздігін алған Әзербайжанды алғаш мойындаған елдің Түркия болуы, одан кейін дипломатиялық қарым-қатынастың құрылуы бауырластықтың үлгісі ретінде халқымыздың есінде мәңгі сақталады" деген сөздер қолданды. 

Әлиев Әзербайжан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың соңғы кезеңдерде тіпті дамығанын білдіріп, екі елдің тарихи сынақтан абыроймен өткенін және «бір ұлт, екі мемлекет» принцибінің рухына деген тәуелдіктерін тағы бір мәрте дәлелдегенін білдірді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев "Достық және бауырластық негізінде құрылған байланысымыз бүгін ортақ талпыныстармен стратегиялық деңгейге көтерілді. Әзербайжан-Түркия ортақтығы халқымыздың байлығына, мемлекетіміздің өркендеуіне, аймақта тыныштық пен тұрақтылықтың орнығуына үлес қосады. Түркия-Әзербайжан береке-бірлігі және селбесуінің бұдан кейін де халқымыздың мүддесі аясында күшейетініне және кеңейетініне кәміл сенемін" деп көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар