Әлиев Каспийдегі тасымалдаудың маңыздылығына тоқталды

Әлиев 2-ші Қарабах соғысынан кейін азат етілген аймақтарды қалпына келтіру және халықаралық көлік байланыстарын дамыту үшін ауқымды жұмыстарды бастағандарын мәлімдеді.

1849992
Әлиев Каспийдегі тасымалдаудың маңыздылығына тоқталды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2-ші Қарабах соғысынан кейін азат етілген аймақтарды қалпына келтіру және халықаралық көлік байланыстарын дамыту үшін ауқымды жұмыстарды бастағандарын мәлімдеді.

Түркіменстанның астанасы Ашхабадта өткен 6-шы Каспий елдері мемлекет басшылары саммитінде сөз сөйлеген Әлиев Әзербайжанның Каспий жағалауы елдерінің ынтымақтастығына үлкен мән беретінін баса айтты.

Әлиев 2018 жылы Ақтауда қол қойылған Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы құжаттың күшіне енуімен жағалаудағы мемлекеттердің жан-жақты өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығына бағытталған неғұрлым тиімді шаралар үшін берік құқықтық негіз құрылатынын атап өтті.

Ильхам Әлиев Каспийдегі тасымалдаудың маңыздылығына тоқталды.

“Бүгінде Әзербайжан Еуразияның маңызды көлік-логистикалық орталықтарының бірі болып табылады. Әзербайжан Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Біз Транскаспий халықаралық тасымалдауларын тиімді пайдалану үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағыт Каспий жағалауында орналасқан мемлекеттердің көліктік әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз етеді және көлік инфрақұрылымын дамытудың жаңа жобаларын жүзеге асыруға жағдай жасайды” деді ол

Әлиев сонымен қатар Әзербайжанның 2-ші Қарабах соғысындағы жеңісі (2020 жылғы қыркүйек-қараша) туралы айтты. "Әзербайжан Қарабах пен Шығыс Зенгезурды қалпына келтіру, сондай-ақ халықаралық көлік қатынасын дамыту бойынша ауқымды жұмыстарды бастады. Зенгезур дәлізі қазір шындыққа айналуда"деді ол.

Әлиев жағалаудағы елдердің экологиялық жағдайға қатысты алаңдаушылығын бөлісетіндерін және Каспийдегі экологиялық мәселелерді шешу үшін ынтымақтастықты кеңейтуді жақтайтындарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар