Мәжіліс спикеріне "Абай" медалі

Мұстафа Шентоп Түріксойдың «Абай Құнанбайұлы» медалімен марапатталды.

1570760
Мәжіліс спикеріне "Абай" медалі

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің спикері Мұстафа Шентоп Түріксойдың «Абай Құнанбайұлы» медалімен марапатталды.

Мәжілісте Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейіновты қабылдаған Мұстафа Шентопқа «Абай Құнанбайұлы» медалі табыс етілді.

Мәжіліс спикері Шентоп Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың мәдени сабақтастық пен жасампаздықты қамдауға үлес қосқанын айтты. Ол Түріксойдың өзі құрылған 1993 жылдан бері түрік мәдениетіне қызмет ету, түрік әлеміндегі түрлі елдерде өмір сүретін тамырлас халықтарға бас қостыру үшін іс-шара атқарып келгенін білдірді. Спикер осындай істердің болашақта да жалғасын табуын тіледі.

2020 жылдың қазақтың атақты перзенті, зиялы, ағартушы және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты Абай Құнанбайұлы жылы деп жарияланғанын еске салған Мұстафа Шентоп «Құрметті Назарбаев айтқандай «Абай Құнанбайұлын түсіну – қазақ халқын, мәдениетін түсіну. Ол туындылары арқылы елші болады.  Түрік әлемінде оны таныстыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізіледі» деді.

Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов болса түрік әлемінің мәдениетін жаңғырту бағытында түрік органдарының көп көмек көрсеткенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар