«Мақтымқұлы Пырағы Поэзия күні» атап өтілді

Мақтымқұлы Пырағы мүсініне гүл шоқтары қойылып, өлеңдер оқылды.

1849168
«Мақтымқұлы Пырағы Поэзия күні» атап өтілді
Türkmen_Turkmen_Mahtumkulu_Türksoy

«Мақтымқұлы Пырағы Поэзия күні» Түркиядағы Түрікменстан елшілігінің ұйымдастыруымен атап өтілді. Шара аясында Анкарадағы «Түркіменстан» саябағындағы Мақтымқұлы Пырағы мүсініне гүл шоқтары қойылып, өлеңдер оқылды.

Іс-шараға Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев атынан Түріксойдағы Әзербайжан өкілі Эльчин Гафарлы қатысты.

Түріксой Тұрақты кеңесінде қабылданған шешіммен 2014 жыл атақты түрікмен ойшылы және ақынының туғанына 290 жыл толуына орай Махтымқұлы Пырағы жылы болып жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар