Медициналық материалдарымыз Бакуге жетті

Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресіне есе қосу мақсатымен Әзірбайжанға жолдаған медициналық материалдар Бакуге жетті.

1449422
Медициналық материалдарымыз Бакуге жетті

Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресіне есе қосу мақсатымен Әзірбайжанға жолдаған медициналық материалдар Бакуге жетті.

Медициналық материалдарды тапсырып беру рәсіміне Әзірбайжан Президенттік сарайы Сыртқы саясат мәселелері басқармасының төрағасы Хикмет Хажиев, Түркияның Әзірбайжандағы өкілетті елшісі Еркан Өзорал, Әскери хатшы, бригадир Исмаил Хаккы Көсеали мен басқа лауазымдылар қатысты.

Медициналық материалдарды Хажиевке тапсырып берген елші Өзорал президент Ердоғанның әзірбайжандық әріптесі Әлиевке жазған хатын да ұсынды. 

Хатында Әзірбайжандағы коронавируспен күресті қадағалап отырғандарын жазған Ердоған:

"Бір ұлт, екі ел" түсінігімен дос және бауырлас Әзірбайжанға қолымыздан келген көмекті жасаймыз. Вируспен күреске демеу болу үшін медициналық материалдарды еліңізге жеткіздік" деді.

Ердоған хатында коронавирус себепті қайтыс болған әзірбайжандықтарға көңіл айтты, емделіп жатқандарға шұғыл шипа тіледі.

Хажиев баспасөзге жасаған мәлімдемесінде:

Президент Ердоғанның тапсырмасымен жолданған жәрдем материалдары үшін алғыс айтамыз. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен бауырластықтың айқын көрінісі. Бүдан былай да Түркия мен Әзірбайжан коронавирус індетімен күрестегі ортақ талпыныстарын жалғастырады" деді.



Ұқсас жаңалықтар