Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді.

1166714
Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді.

Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатуы жөніндегі Қаулыға қол қойды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде бүгінгі үндеудің маңызы мүлдем басқа және зор екенін білдіріп, «Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым» деді.

Президент Назарбаев міндет мерзім біткенге дейін президенттік билігінің ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың уақытша басқаратынын мәлімдеді.  

Назарбаев мәлімдемеден кейін   20 наурыздан бастап Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатуы жөніндегі Қаулыға қол қойды.

Парламентте ертең ант ішіп, президенттік міндетін Назарбаевтан тапсырып алатын Токаев 2020 жылына дейін міндет атқарады.

Назарбаев 1940 жылы 6 шілде күні Қазақстанның Қаскелең ауданында дүниеге келді.

1989 жылы Қазақстан ССР компартиясының бірінші хатшысы болып тағайындалған Назарбаев  1991 жылы 1 желтоқсанда дауыстың 98,7 пайызын алып, Қазақстан Президенті болып сайланды.

Назарбаевтың міндеті 2020 жылы аяқталады. Назарбаев елді 30 жыл басқарды.



Ұқсас жаңалықтар