Назарбаев Жаңа Зеландиядағы шабуылды айыптады

Әзірбайжан Елбасы Илхам Алиев те Жаңа Зеландия Премьер-министрі Джасинда Ардернге көңіл айтты.

1164557
Назарбаев Жаңа Зеландиядағы шабуылды айыптады

Жаңа Зеландияданың Крайстчерч қаласында екі мешітке жұма намазы кезінде жасалған террорлық шабуылға әлемнің наразылығы жалғасуда. 

Әзірбайжан Елбасы Илхам Алиев террорлық шабуылда 49 адамның мерт болуына орай, Жаңа Зеландия Премьер-министрі Джасинда Ардернге көңіл айтты.

Елбасы Илхам Алиев үндеуінде "Бұл аяусыз террорлықлаңкестікке қатты қайғырдық. Халықаралық қоғамның террорлық шабуылдың әр түрлісіне қарсы талпыныстарын бекіммен қолдаймыз" деді.

Ауғанстан елбасы Ешреф Гани "Адамгершілікке жат" деп бағалаған шабуылды айыптады.

Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шабуылға байланысты "Жахандық қауіпсіздікке және бейбітшіліккке қарсы болған терроризм мен ұшқарылықтың барлық түрін қатал айыптаймыз" деді.

Қазақстан Елбасылығы Ақпарат орталығынан жасалған мәлімдемеде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев террорлық лаңкестікке орай Жаңа Зеландияның әкімі Пэтси Реддиге көңіл айтып, сәлем жолдады.

Көңіл айту мәлімдемесінде террорлық лаңкестікте көптеген адамның қаза тапқаны хабарын қайғыра отырып естігендерін білдірген Назарбаев "Жахандық қауіпсіздікке және бейбітшіліккке қарсы болған терроризм мен ұшқарылықтың барлық түрін қатал айыптаймыз" деп көрсетті.

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ де террорлық шабуылды айыптады.   



Ұқсас жаңалықтар