Нұр-Сұлтанда халықаралық конференция

Биылғы конференцияда Қазақстанда майлы дақыл саласының жетілдірілуі, болашағы мен рисктері талқыланды.

1300580
Нұр-Сұлтанда халықаралық конференция

Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда «KazOil – 2019» III Халықаралық конференциясы басталды.

Конференцияға 12 елден 200-ден астам майлы дақыл өндірушілері мен трейдерлері қатысуда.

Биылғы конференцияда Қазақстанда майлы дақыл саласының жетілдірілуі, болашағы мен рисктері талқыланды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда бүгінде майлы дақыл алқаптарының артып келе жатқанын айтып:  Егер 2009 жылы майлы дақылдар егістері 1,2 млн гектар болса, 2019 жылы 2,9 млн гектарға жетті» деді.

Министр сонымен бірге елде майлы дақыл өнімдерінің сапалы екенін,  сондықтан осы өнімдерге сұраныстың да көп екенін тілге тиек етті. Омаров елде  майлы дақылдардың тек өндіріліп қана қоймайғ өңделгеніне де назар аударып,  майлы дақыл өнімдерінің 40 пайызының шикізат ретінде экспортталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар