Нұр-Сұлтанда түрік фильмдерінің апталығы басталды

Түрік фильмдері аптасы аясында елордалықтардың назарына 8 түрік фильмі ұсынылады.

1309063
Нұр-Сұлтанда түрік фильмдерінің апталығы басталды

Елордада Түрік фильмдерінің апталығы басталды. Апталықтың шымылдығын "Ұзын хикая" фильмі ашты.

Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркия  Мәдениет және туризм министрлігі Кинематография басқармасының қолдауымен 18-25 қараша аралығында елордада түрік фильмдері аптасын өткізіп отыр.

«Ұзын хикая» фильмін Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Невзат Юяныкпен бірге Қазақстан Парламентінің депутаттары,  түрік дипломаттар бірге тамашалады.

Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Исина: «Біз алып келген бұл фильмдер - өз жанрының ең үздігі. Айтулы шараның басты мақсаты - түрік елінің үздік кино туындыларын бауырлас елдің көрерменіне ұсына отырып, екі ел арасындағы мәдени байланыстың дамуына үлес қосу» деді.

 Шара аясында көрермен тарихи, романтикалық және шытырман драмаға толы картиналарды тамашалай алады.

Түрік фильмдері аптасы аясында елордалықтардың назарына 8 түрік фильмі ұсынылады. Олардың арасында "Ұзын хикая", "Көбелектің түсі", "Ұмытсам сыбырла", "Ертұғырыл 1890", "Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды", "Сиқыршы","Қышқыл алмалар", "Қызыл орамалды шынарым" сияқты фильмдер бар.

Айта кетейік, кинотуындылардың көрсетілімі  "Керуен" ойын-сауық орталығындағы Кинопарк 7 IMAX Keruen кинотеатрында өтеді.



Ұқсас жаңалықтар