Нұр-Сұлтандағы жиын 10-11 желтоқсанда болады

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі хабарлады.

1310805
Нұр-Сұлтандағы жиын 10-11 желтоқсанда болады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сирия жайлы 14-ші кепілгер елдер жиналысының 10-11 желтоқсан күндері өткізілетінін білдірді.

Министр журналистердің Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында болатын жиын жөніндегі сұрақтарына: «Кездесу үшін 10-11 желтоқсан күндері белгіленді» деп жауап берді.

Кепілгер елдер жиынының 13-шісі 1-2 тамыз күндері өткізіліп,  Түркия, Ресей және Иран Идлибтегі қақтығысты баяулату аймағы жөнінде бірсыпыра нақты шара қолдану жайлы келіскен болатын.



Ұқсас жаңалықтар