«Отандастар» қоры мен Түріксой арасында меморандумға қол қойылды

Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев «Отандастар» қорының басшысы Абзал Сапарбекұлымен кездесті.

1850287
«Отандастар» қоры мен Түріксой арасында меморандумға қол қойылды

Түркітілдес елдер арасында ынтымақтастық артып келеді.

Қазақстанның елордасында «Отандастар» қоры мен Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев Қазақстандағы сапары барысында «Отандастар» қорының басшысы Абзал Сапарбекұлымен кездесті. 

Тараптар екі ұйым арасындағы ортақ жұмыстар мен жақын болашақтағы жобаларды талқылады.

«Отандастар» қорымен ынтымақтастығымыз белсенді түрде жалғасуда.  Бүгін меморандумға қол қойдық.  Келісім шеңберінде шетелдердегі қазақ бауырларымызбен байланысты нығайтамыз.  Әсіресе өнер қайраткерлерімен жұмысты жетілдіруді жоспарлап отырмыз.  Себебі өнер адамның тамыры мен мәдениетін, тарихын ұмытпайына үлкен үлес қосады» деді Сұлтан Раев.

«Отандастар» қорының басшысы Абзал Сапарбекұлы «Отандастар» қоры ретінде біздің басымдығымыз - шетелде өмір сүретін қазақтар және отандастарымыздың өз мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілі мен өнерін сақтап қалуы үшін қолымыздағы мүмкіндікті беру. Халықаралық Түріксой ұйымының бізге осы мақсатта қолдау көрсетуі өте маңызды» деді.

Аталған Меморандумда қазақ диаспорасымен байланысты мәдени іс-шаралар, жобалар мен бағдарламалар жасауға, өнер фестивальдерін, көрмелер, ұлттық мейрамдарды бірлесе ұйымдастыру жөнінде келісімдер бар.

Сұлтан Раев Қазақстандағы сапары барысында айырықша Қазақстан парламенті спикері Мәулен Әшімбаевпен де кездесті.  Әшімбаев Түріксойдің түрік әлемі үшін өте маңызды еңбек атқарғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар