Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркияға сапарлай келді

Еуразия күн тәртібі - 9 -2020

1366760
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркияға сапарлай келді

Бүгінгі бағдарламамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Түркияға сапарына тоқталамыз.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркия-Өзбекстан Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысына қатысу мақсатымен 19-20 ақпан күндері арасында Түркияға ресми сапармен келді. Шавкат Мирзиеевті Анкарада президент Режеп Тайып Ердоған ресми рәсіммен күтіп алды. Артынан екі басшы оңаша кездесу өткізді. Түркия - Өзбекстан Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысынан кейін екі ел арасында 4 келісімге қол қойылды. Соңғы екі жылда екі ел арасында 28 келісім жасалғанын ескерте кетейік.

Түркия-Өзбекстан қарым-қатынастары 2014 жылдан бері қайта дамыды.

Шавкат Мирзиеев президент болып сайланғаннан кейін аталмыш байланыстар бекемделіп, Өзбекстан президентінің Анкараға соңғы сапарымен стратегиялық өреге көтерілді. Лидерлердің соңғы жылдардағы өзара сапарлары және Түрік Кеңесі, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардағы жаңалықтар екі жақтылы қарым-қатынастардың дамуына мүмкіндік жаратты. Түркия мен Өзбекстан қарым-қатынастары түрліше салаларда дамыды. Бір жыл бұрын Өзбекстан Түркия азаматтарына 30 күндік визасыз саяхат мүмкіндігін берді. Өзара ұшақ рейстері Стамбұлдан астана Ташкентке ғана емес, Бұхара, Самарханд қалаларына да жалғанды. 2009 жылы 300 мың турист Өзбекстан мен Түркия қалаларын аралады. Түркия туризмдегі тәжірибелерін Өзбекстанмен бөлісіп келеді. Президент Шавкат Мирзиеев Анкарада түрік іскерлер әлемінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде Өзбекстандағы инвестиция мүмкіндіктері қарастырылды. Екі ел арасындағы сауда мөлшері 2019 жылы 2.2 миллион доллардан асып, Анкарадағы жиналыста президенттердің жаңа 5 миллиард долларлық нысананы белгілеуіне негіз қалады. Зираат банкінің Өзбекстанда бөлімше ашуы, Өзбекстандағы түрік компаниялар санының 1300-ден асуы және түрік инвестициясының Өзбекстанға кең таралуы аталмыш нысанаға қысқа уақытта жету мүмкіндігіне меңзейді.

Өзбекстан, Түркия және Пәкістан 2019 жылы сәуір айында тұңғыш рет ортақ әскери жаттығу өткізді. Қауіпсіздік саласындағы осы ынтымақтастық Ташкент пен Анкараның алдағы кезеңде тығыз қатынаста болатынын көрсетеді. Түркия мен Өзбекстан Ауғанстанның тыныштыққа жетуі үшін ортақ жұмыстар жасауда. Екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласында жасайтын ынтымақтастығы әрі екі ел, әрі аймақтың қауіпсіздігіне мол есе қосады.

Президенттік сарайдағы Ұлт кітапханасының тұсаукесері Мирзиеевтің сапарына тура келуі де маңызды болды. Өзбекстан Түркістанның орталығында тұр. Ташкентті қамтыған Өзбекстан қалаларында Түрік-Ислам әлемінің мол қазынасы Өзбекстан тысындағы ғалымдардың зерттеуін күтуде. Түркияның білім беру, дін және ғылым салаларында Өзбекстанда бастаған ынтымақтастық жобалары да аз емес.

Соңғы Баку саммитінде Түрік Кеңесіне қосылған Өзбекстанның ТҮРІКСОЙ, ТүрікПа сияқты ұйымдарда да белсенді болуы Түркия-Өзбекстан қарым-қатынастарына әсерін тигізеді. Хива қаласының биыл Түркі Әлемінің Мәдениет астанасы болып сайлануы да маңызды шешім болмақ.

Қорыта келгенде, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Түркияға сапары екі жақты қарым-қатынастарды жетілдіру үшін өнімді сапар болды. Президент Ердоған өзбек әріптесін өзі шығарып салып, екі жақтылы қарым-қатынастардың бұдан былай жоғары өреде жалғасатынын көрсетті.

Бүгінгі бағдарламамыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар