Өзбекстан Сенаты Түрік Кеңесіне қатысу келісімін мақұлдады

Өзбекстанда Сенат Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Ұйымының (Түрік Кеңесі) құрылуына байланысты келісімді мақұлдады.

1269522
Өзбекстан Сенаты Түрік Кеңесіне қатысу келісімін мақұлдады

Өзбекстанда Сенат Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Ұйымының (Түрік Кеңесі) құрылуына байланысты келісімді мақұлдады. 

Өзбекстан Парламентінің жоғарғы қанаты Сенат Жалпы Кеңесінің кезектен тыс жиналысында 2009 жылы 3 қазанда Нахчеванда қол қойылған Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Ұйымының (Түрік Кеңесі) құрылуына байланысты келісімді мақұлдау заңы талқыланды.

Сенат төрағасы Танзила Нарбаева төрғалығында ұйымдастырылған Жалпы Кеңесте заң қабылданды.

Тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасаған Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі келісімнің Сенат тарапынан мақұлдануынан 30 күн өткеннен кейін Өзбекстанның Түрік Кеңесіне мүше болатынын білдірді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу осының алдында Өзбекстанның Түрік Кеңесіне қатысуға шешім қабылдағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар