Өзбекстан текстиль өнімдері экспортын 2 миллиард долларға көтеруді нысанаға алды

Элер Ганиев Өзбекстанның биылғы текстиль өнімдері экспортын 2 миллиард долларға көтеруді нысанаға алғанын айтты.

1266748
Өзбекстан текстиль өнімдері экспортын 2 миллиард долларға көтеруді нысанаға алды

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Элер Ганиев биылғы текстиль өнімдері экспортын 2 миллиард долларға көтеруді нысанаға алғандарын айтты.

Ташкентте басталған Глобал Текстиль күндері іс-шаралары аясында ұйымдастырылған Екінші кезекті Халықаралық Текстиль конференциясына әлемдегі 20 елден 100-ден астам басшы мен маман қатысты. 

Конференцияның беташарында сөз алған Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Элер Ганиев осының алдында мақта шикізатын экспорт ететін Өзбекстанның текстиль кәсібі саласын дамыту және үлкен инвестициялар салу арқылы текстиль өнеркәсібі саласынан маңызды мөлшерде үлес алуға талпынғанын атап көрсетті жыне иылғы текстиль өнімдері экспортын 2 миллиард долларға көтеруді нысанаға алғандарын айтты.

Соңғы үш жылда аталмыш кәсіпті дамытуға бағытталған жұмыстар нәтижесінде өңделген мақта мөлшерін 2016 жылғы 400 мың тоннадан өткен жылы 800 мың тоннаға жеткізгендерін айтқан Ганиев "Биылғы текстиль өнімдері экспортын 2 миллиард долларға, текстиль саласына жасалатын инвестицияны 500 миллион долларға көтеруді нысанаға алып отырмыз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар