Өзбекстан Түрік Кеңесіне мүше болады

Чавушоғлу Өзбекстанның Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесіне қатысуға шешім қабылдағанын білдірді.

1268548
Өзбекстан Түрік Кеңесіне мүше болады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Өзбекстанның Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесіне қатысуға шешім қабылдағанын, Түрікменстанның да бақылаушы мүше болуды қалайтынын білдірді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 105-ші кезекті Аудан әкімдері курсындағы сөзінде түркі әлемі үшін құрылған Түрік Кеңесінің барған сайын кеңейгенін білдіріп, 16 қазанда биылғы самиттің ұйымдастырылатынын айтты.

Өзбекстанның Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесіне қатысуға шешім қабылдағанын және ресми өтініш бергенін білдірген Чавушоғлу қатысу құжаттарын осы елге жолдағандарын және ресми процесті аяқтайтынын айтты.

Министр Чавушоғлу: "Түрікменстаннан да бірінші рет болымды ишарат алдық. Бақылаушы мүше ретінде бастауды қалайтындарын айтты" деп көрсетті.

Түрік Кеңесінің Бас хатшысы, қазақ елші Бағдат Әміреев пен орынбасарының Түрікменстанға баратынын айтқан Чавушоғлу ұйымның маңызды бір аймақтық актерге айналатынын дәріптеді.



Ұқсас жаңалықтар