Өзбекстан «ТүрікПа»-ға мүше болуға шешім қабылдады

Өзбекстан Республикасы Түркітілдес мемлекеттер парламенттер ассамблеясы «ТүрікПа»-ға мүше болуға шешім қабылдады.

1662832
Өзбекстан  «ТүрікПа»-ға мүше болуға шешім қабылдады

Өзбекстандағы байланыстарын жалғастырып жатқан Әділет және даму партиясының Стамбул депутаты Исмет Учма басшылығындағы Қазақстан, Қырғызстан және түрік депутаттарынан тұратын «ТүрікПА» делегациясы Өзбекстан Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафаевпен бас қосты.

Бас қосуда Түркі кеңесіне мүше елдер мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың жағдайы және Өзбекстан парламенті мен «ТүрікПА» арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері талқыланды.

ТүрікПа делегациясына басшылық жасаған Учма кездесуде Өзбекстанның бұрын болғандай бүгін де Түрік әлемінде ерекше орны алғанын атап, ТүрікПа-ның Өзбекстанмен әр салада қарым-қатынастарды дамытқысы келетінін атап өтті.

Сафаев болса Өзбекстанның Түркі кеңесімен қарым-қатынастарын жетілдіруге ерекше мән бергендерін атап, осы шеңберде Өзбекстан парламентінің ТүркПа-мен қарым-қатынасын одан әрі дамытуға шешім қабылдағандарын тілге тиек етті.

Елінің алдағы кезеңде ТүрікПа-ға мүшелікті қалағандарын баса айтқан Сафаев «Өзбекстан ТүркПА-ға мүше болуға шешім қабылдады» деді.



Ұқсас жаңалықтар