Өзбекстанда инвестиция жиналысы өтті

Өзбекстанда сауда және бизнесті дамыту жобасы аясында жиналыс ұйымдастырды.

1256171
Өзбекстанда инвестиция жиналысы өтті

Өзбекстанда инвестиция жиналысы өтті.

Өзбекстанда сауда және бизнесті дамыту жобасы аясында жиналыс ұйымдастырды.

Жиналыс Халықаралық және сыртқы  экономикалық байланыстар, Сыртқы инвестициялар және туризм комитеті тарапынан өткізілді.

Ташкентте ұйымдастырылған дөңгелек үстел жиналысына комитет мүшелері, министрлік өкілдері, халықаралық ұйымдарының, қаржы ұйымдарының және медианың өкілдері қатысты.

Жиналыста Өзбекстанның болашағы және дамыған елдер қатарына кіру үшін жасалуға тиісті жұмыстар қолға алынды.

Ел экономикасы үшін шетелдік капиталының маңыздылығы тілге тиек етілген жиналыста шетелдік инвесторларды баурау үшін инвестиция мүмкіндіктерін әлем стандартына көтеру керектігі түсіндірілді.

Өзбекстанда осы жылдың алғашқы жартысында шетелдік инвесторлардың саны мөлшермен үш есе артса, халықаралық қаржы ұйымдарының қорларында мөлшермен 300 пайыздық арту байқалды.



Ұқсас жаңалықтар