Өзбекстанда үкімет отствакаға кетті

Үкімет жаңа кабинет құрылғанға дейін жұмысын жалғастырады.

1344491
Өзбекстанда үкімет отствакаға кетті

Өзбекстанда 2019 жылдың 22 желтоқсан күні өткен сайлаудан кейін жаңа кабинет қалыптастыру мақсатымен үкімет отставкаға кетті.

Премьер-министр Абдулла Арипов үкіметтің отставкасына байланысты өтінішті сенатқа ұсынды,  Сенат та қабылдады.

Сенат отставкаға кеткен үкіметтің жаңа кабинет құрылғанға дейін жұмысын жалғастыратынын білдірді.

Парламенттің екі қанатының бүгінгі отырыстарында премьер-министрлікке жаңа кандидат талқыланады.

Заңнамалық палатада 53 орынға ие болған Либерал-демократ партия премьер-министрлікке Абдулла Ариповты қайтадан кандидат қылып көрсетті.

Заңға сай, президент Мирзиеев Ариповтың премьер-министрлік міндетін бекіткеннен кейін талқылау үшін парламентке ұсынады.

Арипов премьер-министр болу үшін парламент мүшелерінің жартысынан көбінің дауысын алуы керек.



Ұқсас жаңалықтар