Өзбекстанның сыртқы саудасы артты

Сыртқы сауда айналымы қаңтар-қазан айларында 34,7 миллиард доллар болды.

1308307
Өзбекстанның сыртқы саудасы артты

Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы қаңтар-қазан айларында 34,7 миллиард доллар болды.

Өзбекстан Мемлекеттік статистикалық комитетінің деректеріне қарағанда,  әлемнің 189 елімен сауда қарым-қатынасы бар Өзбекстанның сыртқы саудасы жылдың алғашқы он айында 34,7 миллиард доллар болды.  Бұл 2018 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайыз артқанын көрсетеді.

Қаңтар-қазан айларында елдің экспорты 43,3 пайыз артып, 14,8 миллиард доллар болды.  Импорты да 28,5 пайыз артып, 19,9 миллиард долларға жетті.

Өзбекстан осы кезеңде ең көп сауданы Қытаймен жасаған.  Қытаймен сауда жалпы сауда айналысының 19,1 пайызын құрайды.  Екінші орында Ресей, үшінші орында Қазақстан,  артынан Оңтүстік Корея және Түркия келеді.



Ұқсас жаңалықтар