Президент Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты мүше елдерінің саммитіне қатысты

Тоқаев Ауғанстандағы жағдайдың Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіргенін білдірді.

1828232
Президент Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты мүше елдерінің саммитіне қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл толуына арналған саммитте үн қатты.

Тоқаев Ауғанстандағы жағдайдың Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіргенін білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл толуына арналған саммитке қатысты. Тоқаев өз сөзінде Ауғанстандағы жағдайға назар аударды.

Елдегі жағдай мен қарулы топтардың Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіргенін мәлімдеді.

«Менің ойымша, Орталық Азияның оңтүстік шекараларын қорғауға көбірек көңіл бөлу керек» деді ол.

Ауғанстандағы жағдай аясында Қазақстан Президенті халықаралық террормен күрес, есірткі, қару-жарақ контрабандасы және заңсыз иммиграциямен күрес сияқты тақырыптарға назар аударды.

Бұл ретте ол ұйымның негізгі міндеттері халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту, мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау екенін баса айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге сапары аясында Ресей президенті Владимир Путинмен де екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық саласында өзара қарым-қатынастар мәселесі талқыланды.

Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 25 миллиард долларға жеткенін атап өтті.

Тоқаев машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі сияқты салаларда жалпы құны 4 миллиард доллар болатын 20 ірі жобаның жүзеге асырылуының түрлі сатысында екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар